Almaty Half Marathon: 19 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылғы 19 сәуірде «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын Almaty Half Marathon тоғызыншы рет өтеді. Биыл жарысқа әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысады. Жартылай марафонның ұйымдастыру комитеті Алматы тұрғындары мен қонақтарына жарыс күні жол қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

19 сәуірде жартылай марафон өткізілуіне байланысты сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жарыс бағыты өтетін учаскелерде жол қозғалысы ішінара жабылады.

Жарыс таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағында басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 07:10-нан 09:05-ке дейін толығымен жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:50-ден 11:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:20-дан 09:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08:30-дан 10:20-ға дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын тиімді бөлуді ескере отырып берілген.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады

Новости партнеров