Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипаждары мен учаскелік полиция инспекторлары жіберілді
БҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықтың жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Орал қаласының тұрғыны “102” арнасына хабарласып, орталық базар маңында белгісіз тұлғалар анасының ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысып жатқанын жеткізді.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипаждары мен учаскелік полиция инспекторлары жіберілді.
Алғаш болып жеткен қызметкерлер базарға жақын орналасқан сауда үйлерінің біріндегі банкомат жанынан 47 жастағы әйелді анықтады.
Анықталғандай, әйел алаяқтардың нұсқауларын орындап, белгісіз шотқа 3 миллион теңге аудармақ болған. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ақша аудару дер кезінде тоқтатылып, қаражат толық сақталды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда Ұлттық кітап күніне орай кітап апталығы басталды