Алматы қаласы әкімдігі «Қайрат – Пафос» матчының ұйымдастырылуына қатысты ақпарат береді
21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында «Қайрат» және «Пафос» (Кипр) футбол клубтарының матчы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматы қаласының Спорт басқармасынан хабарлағандай, матч Абай даңғылы, 48 мекенжайындағы Орталық стадионда өтеді.
Матчтың басталуы: сағат 21:45.
Матч күні стадион маңындағы көлік қозғалысы айтарлықтай шектеледі. Тұрғындар мен жанкүйерлерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Матч уақытында Абай даңғылында, сондай-ақ Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Қоғамдық көлікті пайдалануға және еріктілер мен полиция қызметкерлерінің нұсқаулығына құлақ асуға кеңес беріледі.
Жанкүйерлер үшін ойын аяқталғаннан кейін 6 бағыт бойынша 60 қосымша автобус қатынайды:
Жанкүйерлерге матч басталмас бұрын стадионға ертерек келіп, билетте көрсетілген кіреберістер арқылы кіру және қоғамдық тәртіпті сақтау ұсынылады. Бұл шаралар кезектің алдын алып, барша көрермен үшін жайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін стадион аумағында екі жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етеді.
Алматы қаласының Спорт басқармасы жанкүйерлерді сабыр сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және сүйікті команданы мәдениетті түрде қолдауға шақырады.
Оқи отырыңыз: Алматыда өткен турнирде әлемдік теннис жұлдыздары бақ сынады