Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ер адамның ерлігі туралы видео әлеуметтік желілерде тараған болатын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігінде адамдарды өрт кезінде құтқарып қалған қала тұрғыны Асыл Ахметовке ерлігі үшін құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйақы табысталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Еңбегімді елеп, құрмет көрсетіп жатқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді азаматтық борышым деп білемін. Бұл әрекетімді марапат үшін емес, адами парызым ретінде жасадым. Менің орнымда кез келген адам дәл солай істер еді деп ойлаймын», – деді Асыл Ахметов.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның төртінші қабатқа дейін өрмелеп шығып, пәтер балконында тұтанған өртті сөндірген бейнежазбасы тараған болатын.

Оқиға 4 маусымда Наурызбай ауданындағы «Алма Сити» тұрғын үй кешенінде болған. Төртінші қабаттағы пәтер балконында қоқыс өртеніп, өрт сөндірушілер келгенге дейін сол маңнан өтіп бара жатқан Асыл Ахметов өртті өшіріп үлгерген.

Оқи отырыңыз: Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды

Новости партнеров