Алматы әкімі бизнес өкілдерімен қаланы дамыту мәселесін талқылады

instagram.com/darkhan_satybaldy_official
instagram.com/darkhan_satybaldy_official

Дархан Сатыбалды кәсіпкерлермен бейресми форматта кездесу өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің бизнес қауымдастығы өкілдерімен «Аюсай» шатқалындағы визит-орталықта бейресми форматта кездесу өткізді. Бұл туралы шаһар басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дархан Сатыбалды кездесу барысында қаланы дамыту жолындағы мақсат пен даму бағдарлары, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы жеке инвесторлардың рөлі талқыланғанын айтты.

"Кәсіпкерлер қала экономикасындағы негізгі қозғаушы күштерінің бірі, сондықтан олардың белсенді араласуы Алматының тұрақты дамуы үшін ерекше маңызға ие, - деп атап өтті қала әкімі.

Сонымен қатар кездесуде болашақ полиорталықтардың әлеуеті талданып, олардың аумағында ақпараттық технология, туризм, гастрономия, көлік және логистика саласында бірегей жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

"Біздің міндетіміз – бизнеске тұрақты жағдай жасап, инвестиция құюға, ауқымын кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашатын ұзақ мерзімді даму бағытын айқындау", - деді Дархан Сатыбалды.

Ол сондай-ақ кездесу барысында кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірі мен оларды толғандырған өзекті мәселелер, соның ішінде әкімшілік кедергілер мен реттеуші рәсімдер де назардан тыс қалмағанына тоқталды.

"Кәсіпкерлікті қолдау қала әкімдігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Жаңа Салық кодексі аясында қаржылық емес тетіктерді қосқанда, қолдаудың сан алуан құралын қолданамыз", - деді мегаполис басшысы.

Оқи отырыңыз: Алматылық семсерлесушілер әлем кубогында күміс пен қола жүлде иеленді

Новости партнеров