Референдумға дейін:
12
күн
21
сағат
36
минут

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Дархан Сатыбалды алматылықтардың қаланың дамуына қосып отырған үлесіне ерекше тоқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мерекенің бірлікті, өзара құрмет пен қоғамдық келісімді дәріптейтін маңызды мереке екенін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Қазақстан – түрлі этнос пен мәдениет өкілдерін біріктірген ортақ шаңырағымыз. Алғыс айту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қиын-қыстау сәтте бір-біріне қол ұшын созу – қоғамдағы тұрақтылық пен сенімнің мызғымас тірегі», – деді қала басшысы.

Сондай-ақ Дархан Сатыбалды алматылықтардың қаланың дамуына қосып отырған үлесіне ерекше тоқталды.

«Алматы – сіздердің адал еңбектеріңіздің, тың бастамаларыңыздың және туған қалаға деген шынайы сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында дамып келе жатқан мегаполис. Тұрғындардың белсенділігі мен жанашырлығы қаланы жайлы, заманауи әрі қуатты етеді», – делінген құттықтау мәтінінде.

Құттықтау соңында қала әкімі әрбір отбасыға тыныштық, игілік пен береке тілеп, қаланың өркендеуіне қосқан үлесі, белсенді азаматтық ұстанымы мен жасампаз еңбегі үшін тұрғындарға ризашылық білдірді.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговинаның төралқа төрағасын құттықтады

Новости партнеров