Алматыда орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылмаған Алмалы ауданының 19 көшесіне инженерлік желілер салынады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала басшысы Алмалы ауданының әкіміне құрылыс сапасы мен жылдамдығын бақылап, тұтынушыларды орталықтандырылған коммуникацияларға уақытылы қосуды тапсырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба бойынша Алмалы ауданының 19 көшесінде жалпы ұзындығы 15 км болатын кәріз желілерін салу көзделген. Биыл 6 көшеде 3 км желінің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, жеке сектор салына бастағаннан бері орталықтандырылған кәріз жүйесі болмаған Бруно көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталды.

2025 жылы қалған 13 көшеде жобаны жүзеге асыру жалғасады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6800 тұтынушы орталықтандырылған инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.

«Тұрғындар атынан біздің өтініштерімізге назар аударып, атқарылған жұмыс үшін алғыс айтамын. Бізде орталықтандырылған кәріз жүйесі пайда болды, көше жарығы орнатылды, жұмыстан кейін жол толық енімен асфальтталды. Бұл өзгерістерге өте ризамыз, енді бізде жайлы әрі ыңғайлы болды. Біз қуана-қуана серуенге шығамыз. Қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыз үшін рахмет», - деді тұрғындардың бірі. 

Айта кетейік, 2024 жылдың наурызында қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен Алматыда инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстаудың жаңа ережелері қабылданды. Құжатқа сәйкес, жер асты инженерлік желілерді төсеу кезінде жол жабынын ашу және көшелерді қазу асфальтбетон жабындысын толықтай – жиектастан жиектасқа дейін қалпына келтіру міндеттемесімен жүргізілуі керек.

Қала басшысы Алмалы ауданының әкіміне құрылыс сапасы мен жылдамдығын бақылап, тұтынушыларды орталықтандырылған коммуникацияларға уақытылы қосуды тапсырды. 

Еске сала кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Биылғы 9 айда 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңартылды. 2025 жылы тағы 240 км желі салу және 48 км желіні жаңарту жоспарланған.

Осылайша, 100 мыңға жуық қала тұрғыны үшін қабылданған шаралар кешенінің арқасында инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты сумен жабдықтау мен су бұрудың көпжылдық проблемасы шешілетін болады.

Осылайша, қабылданған кешенді шаралардың арқасында 100 мыңға жуық қала тұрғыны үшін инженерлік желілердің тозуына байланысты жылдар бойы шешілмеген сумен жабдықтау және су бұру желілері мәселесі шешіледі.

Оқи отырыңыз: "Алматы-2 - Атырау" жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтайды

Новости партнеров