Алматы әкімі Өзбекстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

19.12.2025 15:00

Мегаполис басшысы екі тарап арасындағы тауар айналымының оң динамикасын атады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, сондай-ақ туризм саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Мегаполис басшысы Алматы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының оң динамикасын атады. Биыл 9 айда көрсеткіш 20%-ға артып, 850 млн АҚШ долларына жетті. Алматы қаласы екі ел арасындағы жалпы тауар айналымының бестен бір бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Қалада өзбек капиталы бар 4 174 кәсіпорын тіркелген.

Өз кезегінде көршілес елдің Елшісі бұл көрсеткіштер екіжақты сенім мен әріптестіктің жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды