Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Теректі шағынауданына барды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Тұрғындарға су құбыры мен кәріз жүйелерінің құрылысы басталатыны хабарланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кеше Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Теректі шағынауданына барып, алдағы жобалардың барысымен танысты. Сондай-ақ тұрғындармен кездесіп, олардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Тұрғындарға су құбыры мен кәріз жүйелерінің құрылысы басталатыны хабарланды. Байқау нәтижесінде анықталған мердігер ұйым қыркүйек айында іске кіріседі. Жоба бір жылға есептелген, енді Теректі толықтай орталықтандырылған инженерлік желіге қосылады.

Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін Алматы қалалық мобильділік басқармасы жол құрылысына кіріседі. Қажетті жобалар дайын.

Сонымен қатар биыл қаланың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы үздіксіз электрмен қамту үшін сегіз трансформаторлық қосалқы бекет орнатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, электр желілерін кешенді жаңғырту жобасы әзірленуде.

Оқи отырыңыз: Қала күні: Алматыда «Көктөбе опера-2025» халықаралық фестивалі өтеді

Новости партнеров