Қала күні: Алматыда «Көктөбе опера-2025» халықаралық фестивалі өтеді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сағат 16:00-ден бастап «Көктөбеге» көтерілетін аспалы жол тегін болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

20 қыркүйекте Алматы тұрғындары мен қонақтарын қала күні мерекесіне арналған ерекше сый күтіп тұр. Сағат 16:00-ден бастап «Көктөбеге» көтерілетін аспалы жол тегін болады. Бұл әрбір қала тұрғыны мен қонағына тау басына көтеріліп, ірі музыкалық оқиғаның куәсі болуға жол ашады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сағат 18:00-де «Көктөбе» саябағының сахнасында классикалық музыкаға арналған халықаралық фестиваль – «Көктөбе опера – 2025» шымылдығын түрмек. Алматылықтар Зарина Алтынбаева, Расул Жармағамбетов, Жәмила Баспанова, Балуан Беркенов, Оксана Давыденко, Нұржан Бәжекенов, Венера Алпысбаева және Марина Алтухова сынды белгілі опера шеберлері өнер көрсетеді. 

«Салтанат» би ансамблінің әсерлі қойылымдары, Il canto квартеті мен дирижёр Алексей Беляков басқарған симфониялық оркестрдің өнері кештің көркін кіргізеді.

Фестивальдің арнайы қонақтары испандық тенор Энрике Феррер және жапон балеринасы Ариса Хасимото. Концертке кіру тегін.

Оқи отырыңыз: Алматы тауларында құтқарушылар шетелдік туристке көмек көрсетті

Новости партнеров