Шектеу су құбыры мен кәріз желілерін тарту жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр
Алматы қаласы Әуезов ауданында Яссауи көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Саин – Шаляпин – Яссауи – Жандосов көшелері шеңберінде су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 23 маусым мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесінде автокөлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі:
Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары тығыз тасты топырақтың болуына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау әдісін (КББ) қолдануға мүмкіндік бермейді.
Аталған учаскеде келесі жұмыстар жоспарланған:
Қала әкімдігі тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Алматының сот шешімімен тау бөктерінде салынып жатқан ірі нысан сүріліп жатыр