Алматы мектептері жаңа оқу жылына дайын: 356 мыңнан астам оқушы қабылданды

Almaty.tv
Almaty.tv

Оқу процесіне жасанды интеллект сервистері енгізіліп, еңбекақы мен оқу жүктемесінің ашықтығын бақылайтын бірыңғай «SANA» жүйесі іске қосылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаңа оқу жылында 356 мыңнан астам оқушы мектепке бармақ. Тұрғындар мен бала санының өсуіне байланысты қалада 11 мыңнан астам орынға арналған 8 жаңа мектеп қолданысқа беріліп, тағы бірнеше білім ошағы қайта жаңғыртылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ білім беру мекемелерінің 90 пайызы жылу маусымына дайын. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мемлекеттік мектептер мен балабақшалар бейнебақылау жүйелерімен, дабыл түймелерімен 100 пайыз жабдықталып, полицияның жедел басқару орталығына қосылған.

«Қазіргі уақытта 200 мыңнан астам білім беру процесінің қатысушысы жасанды интеллект құралдарын пайлалануға мүмкіндік алып отыр. Мектептерге сол жасанды интеллектінің көмегімен 6500 электрондық оқулық тегін жеткізілді. Оған қоса жаңа оқу жылында педагогтардың ЖИ құзыреттерін арттыру, 60 жаңа пәндік кабинет жабдықтау компаниялармен бірлескен жасанды интеллект зертханаларын дамыту жұмыстары да қазіргі таңда бастау алды», – деді Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев.

Оқу процесіне жасанды интеллект сервистері енгізіліп, еңбекақы мен оқу жүктемесінің ашықтығын бақылайтын бірыңғай «SANA» жүйесі іске қосылады. Бұдан бөлек, 133 мың оқушы, яғни бастауыш сыныптар мен әлеуметтік осал топтағы балалар 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ал «Жалпыға бірдей білім беру» қоры мен «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан 16 мыңнан астам оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға қаржылай және демеушілік көмек көрсетілуде.

«Алдағы оқу жылында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 130 мың, 133 мың оқушы ыстық тамақпен қамтылатын болады. Өткен жылмен салыстырғанда 500 бала артық. 235 жалпы білім беретін мектепке бастауыш сынып оқушылары және халықтың әлеуметтік осал топтарға жататын балалар 100% тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. 1-4 сынып аралығындағы бір баланың тамақтану құны 800 теңге», – деді деді Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев.

Оқи отырыңыз: Биыл бастауыш сынып оқушыларының білімін қалай бағалайды