Құрылтай сайлауының ашық әрі әділ өтуін қадағалаймыз - Диана Малаева

Almaty.tv
Almaty.tv

Саяси науқан қарсаңында коалиция 6 мыңға жуық қоғамдық байқаушыны арнайы даярлықтан өткізген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Құрылтай сайлауының ашық әрі әділ өтуін қадағалаймыз». Бұл туралы «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Алматы қалалық филиалының жетекшісі Диана Малаева мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, саяси науқан қарсаңында коалиция 6 мыңға жуық қоғамдық байқаушыны арнайы даярлықтан өткізген. Оқу бағдарламасы 2 сағатқа созылып, 4 негізгі бағытты қамтыпты. Дайындық барысында заң талаптары, дауыс беру үдерісін бақылау тәртібі, учаскеде фото-бейнетүсірілім жүргізудің ережелері және түрлі жағдайда әрекет ету тетіктері түсіндіріледі. Оқудан өткен әр азаматқа арнайы жолдама мен бейдж беріледі.

«20 шілде күні дайындауды бастадық. Осы жолы тәуелсіз бақылаушы болам деген адамдардың саны өте көп. Референдум кезінде де бақылаушы болған адамдар осы сайлауға келіп жатыр. Жалпы 4 бағыт бойынша оқытамыз. Мықты спикерлерді таңдадық және оқу барысы 2 сағаттан тұрады. Яғни 2 сағаттың ішінде бақылаушы болам деген адам, үйрене алады», – деді қоғам белсендісі Алина Кан.

 Оқи отырыңыз: Азаматтық позициямызды айқындау арқылы мемлекет күшін көтереміз - ақын