Алматы әлемдік академиялық қауымдастықты біріктірді

Фото: Управление туризма
Фото: Управление туризма
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Халықаралық университеттер басшылары қауымдастығының (IAUP) Central Asia Regional Conference 2026 өңірлік конференциясы өтті. Іс-шараға түрлі елдерден келген жоғары оқу орындарының, білім беру ұйымдарының және халықаралық академиялық қауымдастықтың 120-дан астам өкілі қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бірнеше күн бойы қатысушылар жоғары білім беру саласының өзекті сын-қатерлері мен даму мүмкіндіктерін, академиялық ұтқырлықты, халықаралық ынтымақтастықты, жаңа буын мамандарын даярлау мәселесін, сондай-ақ университеттер арасындағы серіктестік байланысты нығайту жолдарын талқылады.

Конференция Almaty Tourism Bureau қолдауымен ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға, кәсіби диалогты дамытуға және білім мен ғылым саласындағы жаңа халықаралық байланыс орнатуға арналған маңызды алаңға айналды.

Қатысушылардың халықаралық құрамы академиялық қауымдастықтың Алматыға кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу орталығы ретінде қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетті. Бүгінде қала халықаралық деңгейдегі іс-шараларды жиі қабылдап, іскерлік қарым-қатынас мүмкіндіктерін дамыған туристік және қалалық инфрақұрылыммен ұштастырып келеді.

Оқи отырыңыз: Алматының Әуезов ауданындағы кәсіпкерлік нысандарына қандай талаптар қойылады

Новости партнеров