Алматыда алғаш рет медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда алғаш рет Медицина қызметкері күніне орай медицина қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық іс-шараны Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Сенім» және «Ақниет» кәсіподақтарының қолдауымен өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қаланың спорттық-сауықтыру кешенінде өткен жарысқа ауруханалар, емханалар, медициналық жоғары оқу орындары және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінен құралған 10 командадан 300-ден астам медицина қызметкері қатысты. Қатысушылар шағын футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярд бойынша бақ сынасты.

Спартакиаданың ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым және қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты. Сондай-ақ қатысушыларға қолдау білдіріп, сәттілік тілеу үшін белгілі қазақстандық спортшылар Ислам Байрамуков пен Руслан Әбдіразақов келді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Ұйымдастырушылар спартакиаданың игі дәстүрге айналып, алдағы уақытта жыл сайын Алматының медицина қауымдастығын біріктіретін ауқымды іс-шара ретінде жалғасатынына сенім білдірді.

Оқи отырыңыз: Алматы әлемдік академиялық қауымдастықты біріктірді

Новости партнеров