Алматы полицейі Манаслу шыңын бағындырмақ

polisia.kz
polisia.kz

Экспедиция құрамында Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкері Саят Ертаев бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясының қызметкері Манаслу шыңына экспедицияға қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарынан құралған ұлттық құрама командасына Манаслу шыңына (8,163 м ) экспедиция ұйымдастырды.

Мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының құрама командасының көмегімен 8163 м Манаслу шыңына экспедиция ұйымдастыруды ұйғардым. Негізгі құрам – Қорғаныс министрлігінің арнайы операциялық жасақтарының таулы дайындық нұсқаушылары, сондай-ақ ІІМ мен ҰҚК өкілдері. Команда бір айдан астам тауда арнайы дайындықтан өтті. Экспедициямызға қолдау көрсеткен “Дара” президенттік бастамалар қорына алғыс айтамыз, – деді Мақсұт Жұмаев.

Экспедиция құрамында Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкері Саят Ертаев бар. Саят мұндай ауқымды экспедицияға алғаш рет қатысып отыр.

 

Новости партнеров