Алматы – испандық «Мадридтіктер бүкіл әлемде» телешоуының назарында

23.01.2026 15:01
пресс-служба акима Алматы

Испаниядағы танымал «Мадридтіктер бүкіл әлемде» тележобасының Мадридте эфирге шыққан жаңа шығарылымы Қазақстанға арналды. Бағдарлама авторлары елдің ең көрікті әрі өзіндік бояуы қанық мегаполистерінің бірі ретінде Алматыға ерекше назар аударды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мекеме телетопқа ілесіп, қаланың туристік әлеуетін таныстырды. Шығарылымда Вознесенский соборына, Көк базар және Atlético de Madrid футбол клубының академиясы көрсетілді.

Тележоба Алматының күнделікті тыныс-тіршілігін, мәдени сан алуандығын, салт-дәстүрі мен көркем табиғи келбетін айшықтайды. Ал жобаның кейіпкерлері – мадридтік Мигель, Николас пен Аврора қала мен оның тұрғындары туралы әсерін айтады. 

Бағдарлама Telemadrid телеарнасынан көрсетіледі. Ол шетелде өмір сүріп немесе саяхаттап жүрген испандықтардың оқиғасы арқылы көрермендерді әртүрлі елдердің тұрмыс-тіршілігімен, мәдениеті мен өзіндік ерекшеліктерімен таныстырады.

Қалалық туризм басқармасының дерегіне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Алматыға келген испандық туристер саны 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,8 пайызға артқан. Ал болжам бойынша 2026 жылы Алматы шамамен 750 мың шетелдік қонақты қабылдайды. Бұл қаланың халықаралық туристік кеңістіктегі беделінің артып келе жатқанын аңғартады.