Референдумға дейін:
24
күн
15
сағат
21
минут

Алматы назарда: еуропалық Porschist журналы арнайы шығарылымын Қазақстанға арнайды

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурыз айының басында Бельгияда шығатын Porschist журналы Қазақстанға арналған арнайы санын ұсынады. Басылымда елдің бес қаласы – Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Байқоңыр қамтылған. Әрқайсысы өзіндік мәдениеті, сәулеттік келбеті және айқын визуалды эстетикасы бар дербес туристік бағыт ретінде таныстырылады. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арнайы шығарылымның негізгі өзегі – Қазақстанның ең ірі мегаполисі Алматы қаласы. Мұнда заманауи қаланың серпінді ырғағы асқақ таулардың айбынды көрінісімен үйлесім табады. Басылым назарында қаланың айшықты қоғамдық кеңістіктері, сәулет нысандары, мәдени ортасы мен Іле Алатауының панорамалары болды. Бұл көріністер Алматының айрықша болмысын, стиль мен гастрономия, креативті индустрия мен белсенді туризмін паш етеді.

Арнайы санның түсірілім жұмыстары 2025 жылдың жазында өтті. 

Porschist – халықаралық аудиториясы бар еуропалық баспа журналы және онлайн-платформа. Журнал 20 жылдан астам уақыттан бері шығып келеді. Әр саны белгілі бір елге арналып, оны автомобиль эстетикасы, мәдениеті және өмір салты тұрғысынан таныстырады.

Қазақстанға арналған бұл шығарылым халықаралық аудиторияға елді жаңа визуалды қырынан көрсетіп, Алматының Орталық Азия картасындағы заманауи, тартымды әрі айқын танылатын туристік орталық ретіндегі әлеуетін айшықтай түседі.

Оқи отырыңыз: Алматы құрамасы семсерлесуден Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

Новости партнеров