Алматы қарға дайын: коммуналдық қызметтер қала көшелерін жедел тазартуда

04.11.2025 23:11

75 патрульдік бригада кезекшілік етуде

Пресс-служба акима города Алматы

Алматыда қар жауа бастады. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр: қаланың көшелеріне 580 арнайы техника мен 2500-ден астам жол жұмысшысы шықты, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қар түспей тұрып, 204 құм-тұз шашқыш техника магистральдарды алдын ала сұйық реагенттермен өңдеді. Қазір жолдарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, аялдамалар, жаяу өткелдер мен көпірлер тазаруда.

Көшелердегі жағдайды бақылау және мұздану ошақтарына жедел шара қабылдау үшін 75 патрульдік бригада кезекшілікте тұр. Қажет болған жағдайда қосымша 1000-ға дейін техника, 6110 жол жұмысшысы және 1000 адамға дейін тартылатын болады.

Оқи отырыңыз: Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр

Теги: снег