Алматыда түнде жауған қар тазартылды: коммуналдық қызмет негізгі жұмысты аяқтады

05.11.2025 08:00

Қала көшелерінде 918 арнайы техника және 2550 жол жұмысшысы қызмет атқаруда

Қала әкімдгінің баспасөз қызметі

4 қараша күні сағат 20:00-ден бастап Алматыда қар жауа бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа температурасы +2 °C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Қар қалыңдығы қалада шамамен 1 см, таулы аймақта 10 см-ге дейін.

Қала көшелерінде 918 арнайы техника және 2550 жол жұмысшысы қызмет атқаруда. Негізгі магистральдер, көпірлер, жол айрықтары, еңістер мен көтерілістер, тротуарлар және аялдама аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп жатыр. Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр