Алматы зообағы Қала күніне орай тегін экскурсиялар өткізуде

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы бірнеше күннің ішінде мыңнан астам оқушы экскурсияға қатысып, жануарлар әлемі жайлы тың мәлімет алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала күніне орай Алматы зообағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар балалардың отбасыларына, сондай-ақ мектеп-интернаттар мен оңалту орталықтарының тәрбиеленушілеріне тегін экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соңғы бірнеше күннің ішінде мыңнан астам оқушы экскурсияға қатысып, жануарлар әлемі жайлы тың мәлімет алды.

Әсіресе, дәстүрлі шолу бағыттары көпшілікті қызықтырған. Мұнда келушілер барлық жануармен танысады. Сонымен қатар «Қызыл кітап беттерінен», «Нептунның су асты әлемі» секілді арнайы тақырыптық экскурсиялар да ұсынылады.

«Біздің тапсырыс кестеміз айдың соңына дейін толып тұр. Ауа райы қолайлы болып, мереке күндері мүмкіндігінше көп адамды қуанта аламыз деп сенеміз», – деді даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақжәми Рахимова.

Айта кетейік, зообаққа 6 жасқа дейінгі балалар, ерекше қажеттілігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер, мерзімді әскери қызметшілер және 15 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы аналар тегін кіре алады. Ол үшін тиісті құжатты көрсетіп, кассадан «нөлдік» билет алу жеткілікті.

Оқи отырыңыз: Алматыда Қала күні тойланып жатыр: Абай алаңында опера және балет жауһарлары шырқалды

Новости партнеров