Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

«Денис Тен» қоры
«Денис Тен» қоры

Denis Ten Memorial Challenge-2025 турниріне 25-тен астам елдің 150 спортшысы қатысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Халық Арена» мұзайдынында (Құлжа трактісі, 2) Denis Ten Memorial Challenge 2025 мәнерлеп сырғанаудан VI Халықаралық турнир өтеді. 2025 жылғы 1-4 қазан аралығында өтетін жарыс 2025-2026 ISU Challenger сериясына кіретін маусымның жетінші кезеңі болып есептеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Турнирге әлемнің 25-тен астам елінен шамамен 150 спортшы қатысады. Бағдарламада Senior категориясындағы жеке мәнерлеп сырғанаудан және мұздағы би бойынша жарыстар, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы сайыстар бар. Нәтижелер ISU әлемдік рейтингінде спортшыларға есептеледі, ұпай жинауға және біліктілік нормативтерін орындауға мүмкіндік береді.

«Мен Қазақстанда елді әйгілі ететін жаңа спортшылар пайда болады деп сенемін», - деген еді Денис.

«Денистің арманын орындау мақсатында осы халықаралық турнир ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты - Қазақстанда кәсіби мәнерлеп сырғанау спортын дамыту және осы тамаша спорт түрін насихаттау», - деп атап өтті ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, Денистің анасы Оксана Алексеевна Тен.

Жарыстың шарықтау шегі - 2026 жылы Туринде өтетін қысқы Олимпиадаға арналып, 4 қазанда өтетін жарқын гала-шоу «Армандармен Олимпке» болады. Гала-шоуға турнир жеңімпаздары мен қатысушылары, Қазақстан мәнерлеп сырғанауының көшбасшылары Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина, Диас Джиренбаев және әлемдік спорт жұлдыздары арнайы қонақ ретінде қатысады. Олардың қатарында екі дүркін Олимпиада чемпиондары Татьяна Волосожар мен Максим Траньков бар.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиадаға квота алып, дәл осы спортшылар 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында Милан - Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін жарыста ел намысын қорғайтынын атап өткізіп келеді.

Барлық жарыстар мен гала-шоудың тікелей трансляциясы турнирдің ресми YouTube арнасында жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

Denis Ten Memorial Challenge турнирі алғаш рет 2019 жылы өткізілді және содан бері әлемнің жетекші мәнерлеп сырғанаушыларын біріктіретін және жаңа есімдерді ашатын ISU Challenger Series сериясының маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады.

Турнирді ұйымдастырушы - «Денис Тен» қоғамдық қоры, бас демеушісі - спортты қолдау қоры Sportqory, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Іс-шараның нақты кестесі чемпионаттың ресми сайтында www.denistenmemorial.kz және «Денис Тен» қорының Instagram парақшасында @denistenfoundation қолжетімді. Көрермендерге қатысушылардың аккредитациясы аяқталған соң кесте өзгеруі мүмкін екенін ескеріп, өзгерістерді бақылауға кеңес беріледі.

«Денис Тен» қоры спортсүйер қауымды, отбасыларды және Алматы қонақтарын бұл жарқын оқиғаға қатысып, Денистің мұрасын мұзда жалғастырып жүрген мәнерлеп сырғанаушыларға қолдау көрсетуге шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматы зообағы Қала күніне орай тегін экскурсиялар өткізуде

Новости партнеров