Референдумға дейін:
24
күн
6
сағат
42
минут

Алматыда 160 инвестициялық жобаның аясында 24 мың қала тұрғыны жұмыспен қамтылды

Бұл туралы шаһар әкімі Дархан Сатыбалды алматылық инвесторлар форумында айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жүзеге асып жатқан 160 инвестициялық жобаның аясында 24 мың қала тұрғыны жұмыспен қамтылған. Бұл туралы шаһар әкімі Дархан Сатыбалды алматылық инвесторлар форумында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуға қала басшысы бастаған әкімдік өкілдері, Прокуратура қызметкерлері мен мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген салымшылар жиналып, Алматыдағы кәсіпкерлік жайын талқылады. Онда бизнес иелерін қолдау, мемлекеттік органдар мен түрлі сала мамандарының арасындағы мәселелерді жою ісі сөз болды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы инвесторларды жан-жақты қолдау, олардың құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою бойынша нақты міндеттер қойып отыр. Қазіргі таңда Алматы әкімдігі осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы ретте әкімдік,  прокуратура және бизнес үйлесімді жұмыс атқаруымыз керек», – деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру жайлы ұсыныстарын ортаға салды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің сөзінше, енді Прокуратура мамандары елімізге инвестиция салуға ниетті азаматтарды бақылап қана қоймай, оларға жан-жақты қолдау көрсетуге міндеттеледі.

«Қазіргі таңда Алматыда 2,8 трлн болатын жобалар қарастырылуда. Олардың мәселелерін, уақытылы жүзеге асу тарапынан және олардың қандай да бір жаңағы мемлекеттік органдарға сұрақтары болса, соларды шешуге  мүдделіміз. Өзіміз сол бағытта жұмысымызды жүргізіп жатырмыз», – деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берікбол Мәндібаев.

Оқи отырыңыз: Үкімет тері мен жүнді кәдеге жаратпақ

Новости партнеров