Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өтеді

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Сейсможаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындығын арттыру және қауіпсіз орындарға бару бағыттарын пысықтау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар мен қала қонақтарына алаңдаудың қажеті жоқ, себебі бұл жай ғана сынақтан өткізу, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді бұл құлақтандыру iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға да қолжетімді. Айта кету керек, iPhone құрылғыларының иесіне iOS 18 бағдарламалық жасақтамасы болса ғана ескерту келеді. 

Ол үшін алматылықтар мен қала қонақтары құрылғысын iOS 18 жүйесіне жаңарту қажет. Егер құрылғы автоматты түрде жаңармаса, оны «Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту» деп өзі жаңарту керек. 

Мобильді құрылғы пайдаланушыларына «Ұлттық құлақтандыру» белгісімен сынақ туралы хабарлама жіберіледі, ал кейбір Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға «Президенттік құлақтандыру» белгісімен ескерту түседі.  

Естеріңізге сала кетейік, биыл 31 мамырда бірінші кезеңде Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға сынақтан өткізу жүйесі жүргізілді. Бұрын хабарланғандай, екінші кезеңде iOS құрылғыларының пайдаланушылары электрондық құлақтандыру жүйесіне қосылады.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жабылу салтанаты өтті

Новости партнеров