Алматыда 175 азаматқа жалға берілетін пәтер кілті табысталды

Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалдамалы баспана бөлінген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда баспана кезегінде тұрған 175 азаматқа жалға берілетін пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың қатарында 1 және 2-топ мүгедектері, жетім балалар, көпбалалы және толық емес отбасылар, зейнеткерлер мен ардагерлер бар. Биыл шаһар әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалдамалы баспана бөлінген. Бүгінде оның 1600-ден астамына халық қоныстанып үлгерген.

Айта кетейін, алдағы уақытта заңнамаға өзгеріс енгізілсе, азаматтар бұл пәтерлерді сатып алу құқығына ие болуы мүмкін.

"2017 жылдан бері баспана кезегінде тұрмын. Алты баланың анасымын. Бүгін 3 бөлмелі үй алдық. Өте қуаныштымыз", – деді көпбалалы ана Айжан Қалиева.

"Пәтерлер дайын күйінде беріледі. Жылу, су-жарық бәрі қосылған. Кіре беруге, қоныстануға болады. Келісімшартпен көзделген жалдау ақысы бар. Ол жерде 1 бөлмелі пәтерге 10 мың теңге, 3 бөлмелі пәтердікі 20-25 мың теңге төлеуі керек" – деді Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы

Оқи отырыңыз: Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды

 

Новости партнеров