Алматыда 1976 жылдан бері пайдалануда болған құбыржол ауыстырылды

shedevrum.ai
shedevrum.ai

Жыл сайын жаңғырту жылытуаралық кезең ішінде жүргізіледі, биылғы жылы мұндай жұмыстар Алматының 6 ауданында іске асырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қожанов көшесінің бойымен Радостовец көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін және Есқараев көшесінің бойымен Розыбакиев көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін төселген құбыржолды ауыстыру жұмыстары аяқталды. 2024 жылы жаңғыртылған учаскенің ұзақтығы 1 097,5 метрді құрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауыстырылған құбыржол 1976 жылы пайдалануға енгізілді және қазіргі уақытта 19 көппәтерлі тұрғын үйлерді, 2 балабақшаны және басқа да 39 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр, сондай-ақ ыстық су берудің үлестірілуін қамтамасыз етеді және  «Орбита» мен «Южный» қазандықтарын бір-бірімен байланыстырады. 

Жалпы, 2024 жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 20 км жылу желілері жаңғыртылды. Жыл сайын жаңғырту жылытуаралық кезең ішінде жүргізіледі, биылғы жылы мұндай жұмыстар Алматының 6 ауданында іске асырылды. Жылумен жабдықтау желілері жаңғыртылған учаскелерді абаттандыру ауа-райы жағдайларын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнада @AlmatyJoly, аудандық әкімдер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.

Оқи отырыңыз: Петропавлда түнгі клуб маңында жасөспірімді пышақтап кеткен

Новости партнеров