Сонымен қатар 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған құбырлар ауыстырылды
Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындарды күзгі-қысқы кезеңде жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала басшысының айтуынша, биылғы қыркүйек айында Спасск және Бекмаханов, Бекмаханов және Сүйінбай көшелерінде жалпы ұзындығы 2,1 км жылу желілері салынды. Сонымен қатар 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған құбырлар ауыстырылды.
Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл барлығы 20 км жылу желілері қайта жөндеуден өтеді, бұл олардың тозуын 1,8%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Реконструкция жылыту маусымы аралығында қаланың 6 ауданында жүргізілуде. Жұмыстарды биылғы жылдың 25 қазанына дейін аяқтау жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Алматының Түрксіб ауданында электр желісі жаңартылады