Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды

17.12.2025 15:15

Құжат шаһардың орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматының 2026-2030 жылдарға арналған жаңа даму жоспары Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерге негізделген. Құжат шаһардың орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Негізгі басымдықтар қатарында көлік жүйесін жан-жақты дамыту, қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, экологиялық бастамаларды қолдау, цифрлық трансформацияны жеделдету және қауіпсіздік деңгейін арттыру көзделген.

«Алдағы бес жыл ішінде Алматының жалпы өңірлік өнім көлемін 70 трлн теңгеге дейін, яғни шамамен екі есеге ұлғайту жоспарланып отыр», – деді қала басшысы.

Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы ҮАААЖ-ға қосылатын жолдар Алматы бюджеті есебінен ұзартылмақ – Дархан Сатыбалды