Алматыда 400 тонна түрлі өнім ұсынылған жәрмеңке өтіп жатыр

15.11.2025 16:32

Мегаполисте кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан келген тауар өндірушілердің қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәрмеңкеде жалпы көлемі 400 тонна болатын 50-ден астам түрлі өнім түрі ұсынылған, оның ішінде:

  • ет өнімдері – 120 тонна,
  • жеміс-көкөніс өнімдері – 100 тонна,
  • сүт өнімдері – 50 тонна,
  • басқа да өнімдер – 130 тонна.

Жәрмеңке екі күн бойы сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Әбілқайыр хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта өтеді.

Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Алматыда "Қағаз boom" экологиялық акциясы өтті