Алматыда 420 орынды жаңа мектеп салынады

30.09.2024 10:12

Құрылысты аяқтау 2025 жылдың жазына жоспарланған

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС Алматы қаласы Наурызбай ауданында жекеменшік жалпы білім беретін мектептің құрылысын қаржыландырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарыз алушы «Orken Education» ЖШС 200 млн. теңгеге өз қаражаты есебінен құрылыс материалдарын ішінара сатып алуға және кейіннен бірінші қабаттың құрылысына жұмсады. Өз кезегінде, «Almaty Finance» ЖШС оқу орнының құрылысын аяқтауға және жабдықтауға 288 млн.теңге бөлді. 

 Жобаны қаржыландыру «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%, қаржыландыру мерзімі 5 жылды құрайды. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың жазына жоспарланған. Ашылғаннан кейін жаңа оқу орнына бір уақытта 420 оқушы келе алады.

 «Жаңа мектептің құрылысы Наурызбай ауданында мектеп орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жоба сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. Сонымен қатар, жекеменшік мектептің қызметі есебінен жергілікті бюджетке салық түсімдері ұлғаяды», - деді «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.

Оқи отырыңыз: Алматыда стартаптар мен IT экожүйесін дамыту жобасы бойынша қанша инвестиция тартылды