Алматыда 565 бірлік техника және 1069 жұмысшы жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, су басу оқиғасы тіркелмеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

22 қараша күні түнгі сағат 12-ден бастап Алматыда жаңбыр түріндегі жауын-шашын, ал таңғы сағат 05:00-ден бастап таулы және тауға жақын аудандарда қар аралас жаңбыр, сағат 07:00-ден бастап қаланың өзінде қар жауа бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жауын-шашын таңғы сағат 10:00-ге дейін жалғасады деп күтілуде. Таңертеңгі 09:00-дегі мәлімет бойынша қалада 4 мм жауын-шашын, ал Шымбұлақта 0,5 см қар түсті.

Күндізгі уақытта 565 бірлік арнайы техника мен 1069 жұмысшыжұмылдырылды. Арық өткелдерінің бітелуінің алдын алу және жергілікті су басу мәселесін жою үшін мотопомпа, багр және басқа құралдармен жабдықталған 32 жедел мобильді бригада кезекшілік етеді.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, су басу оқиғасы тіркелмеген. Көктайғақтың алдын алу мақсатында Бостандық және Медеу аудандарының жоғарғы бөлігінде 120 құмшашқыштың көмегімен көктайғаққа қарсы материалдар себілді. 

Таңертеңгі сағат 09:00-ге дейін 55 тонна материал пайдаланылды. Таңғы сағат 05:00-ден бастап 30 «Эпока» техникасы арқылы қаланың жоғарғы аудандарындағы жолдар (Медеу, Шымбұлақ, Бутаковка, ШААЖ, Садықов, Асқаров, Дулати көшелері және т.б.) сұйық көктайғаққа қарсы реагенттермен өңделді. Барлығы 85 м³ мұзға қарсы ерітінді қолданылды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, негізгі жауын-шашын таңғы 10:00-ге дейін аяқталады. Әрі қарай айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +2…+4 °C болады.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданындағы кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты

Новости партнеров