Алматыда Абайдың ірі барельефі орнатылып жатыр
Тұрғындар бұл өзгерісті қуана қабылдады
Қала күніне орай Алматыдағы ғимараттардың бірінің қасбетінде орналасқан ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының бейнесі жаңа сипатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін қасбетте мурал ретінде бейнеленген Абайдың портреті уақыт өте келе ескірген. Енді оны жаңғырту жұмыстары аясында муралдың орнына көлемді барельеф орнатылуда.
Қазір қасбетте Абайдың бейнесі негізінде ауқымды барельеф орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тұрғындар да өзгерісті қуана қабылдауда. Олардың айтуынша, жаңарған қасбет ғимаратқа жаңа реңк беріп, айналаның көркін аша түскен.
«Үйіміздің сырты әдемі бола түсті. Ұлы ойшыл, ақын Абайдың бейнеленген бейнесі қандай керемет!» – дейді тұрғындар.
Алдағы уақытта қазақтың ұлы ақыны бейнеленген барельеф қаламызға ұлттық нақыш беріп, тұрғындар мен қонақтардың назарын аударатын көркем нысандардың біріне айналмақ.
Оқи отырыңыз: Алматыда Қала күніне орай 3,5 метрлік ағаштар мен ерекше өсімдіктер егіледі