Олар ел болашағына бей-жай қарамайтын азамат ретінде дауыс бергенін айтты
Қазақстандық ақын, этнограф, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ақын өз таңдауын жасау үшін Алматының Наурызбай ауданындағы №26 емханада орналасқан №510 сайлау учаскесіне келді.
«Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Мен өз елімнің азаматы ретінде келіп, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар қатарында дауыс бердім. Бұл – еліміздің және ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт. Мен әркім салмақты шешім қабылдайтынына сенемін. Әрбір дауыс маңызды және болашаққа әсер етуі мүмкін», - деді Қасымхан Бегманов.
Сондай-ақ Белгілі қоғам қайраткері және азаматтық белсенді Бейбіт Сарыбаев та Қазақстанда атом электр стансасын салу (АЭС) мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Б. Сарыбаевтың айтуынша, референдумның елдің болашағы үшін маңызы зор.
«Бүгін Қазақстанда маңызды оқиға – АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Менің ойымша, әрбір азамат осы шешімді қабылдауға өз үлесін қосуы керек. Мен мүмкіндікті пайдаланып, өз таңдауымды жасадым. Бұл менің азаматтық борышым және саналы шешімім», - деді Бейбіт Сарыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі сағат 20.00-ге дейін ашық болады.
Оқи отырыңыз: Демократиялық үдерістің маңызды бөлігі – жазушы Кәдірбек Сегізбай референдум туралы