Алматыда «Алатау» технологиялар паркі аумағында бизнес өкілдері сенбілікке қатысты

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

35 компанияның қызметкерлері аумақты тазалады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды сенбіліктер жалғасуда,  деп хабарлайды Almaty.tv

«Алатау» АЭА ақпараттық технологиялар паркінің аумағында акцияға бизнес өкілдері белсенді қатысты. 35 компанияның қызметкерлері аумақты тазалап, жиналған қоқысты шығарып, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.

Сенбілік бизнес қауымдастығының экологиялық бастамаларды қолдауға және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға нақты үлес қосып отырғанының айқын көрінісі болды.

Мұндай іс-шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Қаланың құрылыс нысандарында сенбілік өтті

Новости партнеров