Алматыда ардагерлер құрметіне күзгі бал ұйымдастырылды

Іс-шараның негізгі мақсаты - ұрпақтар сабақтастығын нығайту

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған дәстүрлі күзгі бал өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - майдан жылдарындағы халықтың ерлігін насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Мерекелік кешке ардагерлерден бөлек, Қарулы күштер және шекара қызметінің өкілдері, қоғам белсенділері мен қала әкімдігінің мамандары қатысты. Іс-шара аясында Отан үшін кеудесін оққа тосқандарға құрмет көрсетіліп, ән мен күйден шашу шашылып, жылы естеліктер айтылды. 

«Ардагерлердің әлі де қоғамға қажет екенін, олардың қоғамдағы алар орны бар екенін, өмірге деген талпынысын өшірмеу үшін біз осы күзгі балды ойластырып, сценарийін жазып, қалай өтетінін жоспарлап, міне, 7–8 жыл бойы өткізіп келеміз», – деді «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының қызметкері Мариам Абдулина.

Оқи отырыңыз: Инклюзивті құзыреттілік: Алматыда ерекше жастарға арналған тігін орталығы ашылды
 

Новости партнеров