Алматыда азық-түлік бағасына үстеме қосуға қатысты 2 мың заңбұзушылық анықталды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және оның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қалалық Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастырудың барлық кезеңіндегі делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. Комиссия жұмысы аясында ірі сауда нысандарында, сауда желілерінде, супермаркеттерде, базарларда және үй маңындағы дүкендерде сауда қызметі саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, талдау жасалады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асыру және сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері бойынша талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жалпы сомасы 82 млн теңгеден асатын 2003 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаланың азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығын қолдауға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Өңірлерде қандай әлеуметтік нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді