Алматыда Бас жоспарды түзету жобасы бойынша кері байланыс тәртібі түсіндірілді

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Әрбір өтініш бойынша кері байланыс қамтамасыз етіледі: сұрақтың сипатына қарай жауап телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы жолданады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Бас жоспарын түзету жобасы бойынша өтіп жатқан қоғамдық талқылаулар аясында қала тұрғындарына құжатқа қатысты ұсыныстар мен ескертулерді қарау тетігі түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тыңдауларға қатысушылардың сұрақтарына жауап берген «Алматыбасжоспар» директоры Асхат Сәдуов талқылау барысында келіп түсетін барлық ұсыныс міндетті түрде байланыс деректері — телефон нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайы көрсетілген жағдайда қабылданатынын атап өтті.

«Әрбір өтініш бойынша кері байланыс қамтамасыз етіледі: сұрақтың сипатына қарай жауап телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы жолданады. Бас жоспардың мазмұнына қатысты барлық құрылымды ұсыныс қаралады және қажет болған жағдайда құжатты одан әрі жетілдіру барысында ескеріледі», — деді А. Сәдуов.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Новости партнеров