Жоба қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жүзеге асырылды
Алматының Жетісу ауданындағы «Adem» сауда орталығында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жаңа кітап беру пункті ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жүзеге асырылды.
Жаңа кітап беру пункті сейсенбі-жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Енді Жетісу ауданының тұрғындары мен сауда орталығына келушілер кітапханаға арнайы бармай-ақ, осы жерден кітап таңдап, жаңа шығармалармен таныса алады.
Оқи отырыңыз: Президент Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады