Президент Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

Акорда
Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство басшысына бірқатар тапсырма берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарын айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды.

Мемлекет басшысы мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті.

Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажет деп санайды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау жөнінде міндет жүктеді.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді