Алматыда Белсенді ұзақ өмір орталықтары арасында үстел теннисі турнирі өтті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарыстың басты мақсаты — аға буын өкілдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Әуезов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен, «Kumis Khasyr» қоры мен Әуезов ауданының Белсендіи ұзақ өмір орталығының ұйымдастыруымен қалалық үстел теннисі турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спорттық іс-шара Қарттар айы аясында ұйымдастырылып, Алматы қаласының сегіз ауданындағы Белсенді ұзақ өмір орталықтарының қатысушыларын бір алаңға жинады. Турнирге барлығы12 команда қатысты. Әр команданың құрамында екі ер адам және бір әйел адам болды.

Жарыстың басты мақсаты — аға буын өкілдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылықты қолдау және ауданаралық достық байланысты нығайту.

Турнир барысында қатысушылар жоғары дайындығын, шапшаңдығын, ептілігі мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Ойындар тартысты әрі әсерлі өтіп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

  • І орын — Әуезов ауданы. Жүлде қоры — 100 000 теңге.
  • ІІ орын — Медеу ауданы. Жүлде қоры — 60 000 теңге.
  • ІІІ орын — Әуезов ауданы. Жүлде қоры — 30 000 теңге.

Аталған турнир аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын ұстануға, өз мүмкіндіктерін көрсетуге және жаңа достық қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.

Оқи отырыңыз: Алматыда Саин көшесінің бір бөлігі жабылады