2025 жылы "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында 27,3 мың орындық тағы 15 мектептің құрылысы аяқталады
Алматыда білім беру саласын қаржыландыру көлемі 2025 жылға қарай 16% - ға артады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітілген сессиясы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"2024 жылы білім беру саласын қаржыландыруға 479,3 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы қаржыландыру көлемі тағы 16% - ға 555,4 млрд теңгеге дейін ұлғаяды", - деп атап өтті мегаполис басшысы.
Оның айтуынша, оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында 2024 жылы 11,8 мың орынға 9 мектеп іске қосылады. 2025 жылы "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында 27,3 мың орындық тағы 15 мектептің құрылысы аяқталады.
Мемлекет басшысының қолдауына орай, 2025 жылдан бастап Алматыда бұрынғы "Алмалы" СО базасында балаларға арналған ТМД-дағы алғашқы Ғылым мұражайын Science Museum Singapore-мен бірлесіп құру басталады. Осы мақсаттарға қала бюджетінен 12,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Айта кетейік, Singapore Science Museum-бұл шығармашылық процестің ғылым мен өнердегі рөлін және оның қоғамның санасына әсерін зерттеуге бағытталған әлемдегі алғашқы мұражай.
Естеріңізге сала кетейік, жалпы Алматыда жергілікті бюджет есебінен жаңа мектептер, қосалқы нысандар салу арқылы оқушы орындарының тапшылығының басқарылатын деңгейіне қол жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025 жылы жайлы мектептерді пайдалануға беруді ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығы басқарылатын деңгейге - 3-4 мың орынға дейін төмендейді.
Оқи отырыңыз: Алматыда Үлкен Алматы өзенінің жағалауын көріктендіру жоспарланып отыр