Алматыда бордюрлер жөнсіз ауыстырылып жатқан жоқ – басқарма түсініктеме берді

Биыл мегаполисте 300 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы көшелеріндегі жиектастар жөнсіз ауыстырылып жатқан жоқ». Қалалық мобилділік басқармасының мамандары осылай дейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Олардың айтуынша, бүлінбеген бордюрлар орнында қалып, зақымданғандары қайта қалпына келтіріліп жатыр. Тек мүлде жарамайтындар толық ауыстырылады.

Айта кетейік, биыл Алматыда 300 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған. Бұл мегаполистің 367 көшесін қамтымақ.  

«Алдымен жиектастарға демонтаж жұмыстары жүргізіледі. Одан кейін мердігерлер бордюрларды тексеруі керек. Егер сәл зақымданған, бірақ жарамды болса, қайта қалпына келтіріледі, яғни тек тегістеп қояды. Ал қайта қолдануға жарамаса, олар ауыстырылады. Біз бұл жөнінде жауапты компанияларға тапсырма бердік», - деді Мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Асан Бостанов.

Оқи отырыңыз: Жаңа коворкинг орталығы: Алматыда Мәжіліс депутаттары жастармен кездесті

Новости партнеров