Барлығы 1000-нан астам тауар түрі сатылды
Алматыда өткен демалыс күні жәрмеңкелерде 10 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматылықтар жыл басынан бері демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерден 10 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алған. Оларға: көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері, азық-түлік, жұмыртқа, шұжық, бал, нан өнімдері және тәттілер – барлығы 1000-нан астам тауар түрлері жатады.
Қаңтар-мамыр айларында Алматы «ӘКК» 40-тан астам жәрмеңке күнін өткізді, оған 450 мыңға жуық алматылықтар мен қала қонақтары қатысты.
"Жәрмеңкелерге Алматы қаласы мен Алматы облысынан 318 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен фермерлер қатысуда. Бағаны тұрақтандыру шаралары аясында әлеуметтік маңызы бар өнімдер жәрмеңкелерде қолжетімді бағамен сатылып жатыр”, - делінген хабарламада.
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайларда өтеді:
Оқи отырыңыз: Тепе-теңдікті сақтаңыз: 25 мамырға арналған жұлдыз жорамал