Алматыда ерекше образбен келген сайлаушылар көпшілікті таңғалдырды

Олар сайлауды есте қаларлықтай етуді көздеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар саяси науқанға белсенді, әрі көтеріңкі көңіл-күймен атсалысып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тұрғындар учаскелерге түрлі киім үлгісімен келіп, ерекшеленді. Алып денелі батыр, әлемдік жұлдыздар, мультфильм кейіпкерлері өз таңдауын жасады.

Мәселен, қаладағы  №608 сайлау учаскесіне сайлаушылардың бірі америкалық рэпер Канье Уэстің образында келді. Ол дауыс беру рәсімінен әдеттегідей өтіп, ерекше киімімен жұрттың қызығушылығын тудырды.

Ал №294 сайлау учаскесінде футбол аңыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың алып бойлы бейнелері пайда болды. Танымал футболшылардың образын екі дос сомдаған.

Екеуі де футбол жанкүйерлері екенін айтып, сайлауды есте қаларлықтай етуді көздеген. 

Оқи отырыңыз: Алматыда түрлі сала өкілдері Құрылтай сайлауына белсенді қатысып жатыр