Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

15.08.2026 15:36

Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

16 тамызда Алматыда Спорт күні аясында әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады.

Қатысушылар үш қашықтық бойынша сынға түседі: Gran Fondo — 95 шақырым, Media Fondo — 50 шақырым және Mountainbike — 37 шақырым.

Барлық санат бойынша топтық жарыс сағат 06:00-де басталады.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер мен әйелдер арасында абсолютті есепте жеңіске жеткен спортшылар әлем чемпионы атағына ие болады.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі сағат 11:00-ге жоспарланған.

Оқи отырыңыз: “Lotus Fest-2026”: жүзге жуық адам Run марафонына қатысты

Толық көрсету