Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

15.08.2026 15:52

Жұмыс жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады

Depositphotos.com

Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары аясында Әшімов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, су құбыры мен кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 15 тамыз сағат 20:00-ден 17 тамызға дейін Сәбденов көшесінен Сағатов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Жұмыс жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Толық көрсету