Алматыда қаланың жаңартылған Бас жоспары жобасы бойынша көпшілікпен кеңеседі

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қоғамдық тыңдау биылғы 24-26 желтоқсан күні өтпек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың бас сәулетшісі Алмас Жанбыршы осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оның айтуынша, Алматының Бас жоспарына түзету енгізу – қаланың өсу қарқыны мен жаңа сын-қатерлерді көрсететін стратегиялық маңызды қадам.

«Мемлекет Басшысының Бас жоспарға жедел өзгеріс енгізу туралы тапсырмасы бойынша біз қоршаған ортаны қорғауды күшейтіп, қалалық ортаны дамытып, аймақтарды қайта бөлу арқылы тау бөктерін ретсіз құрылыстан қорғауды көздейтін біраз жұмыс бітірдік», - деді сәулетші.

Жаңартылған Бас жоспар жобасы бойынша қоғамдық тыңдау биылғы 24-26 желтоқсан күні өтпек. Өтетін уақыты мен орнын қала тұрғындарына алдын ала хабарлап айтады.

«Әр алматылық өз ауданының қалай дамитынын білуі үшін жобамен таныса алады: қай жерде мектеп, жол, емхана, саябақ салынатынын, сондай-ақ салынуы мүмкін құрылыс жөнінде алдын ала біле алады. Бұл тұрғындарға баспанаға қатысты шешімдер қабылдауға көмектеседі. Әр адам пікір білдіре де алады, оны міндетті түрде ескереміз», — деп атап өтті Алмас Жанбыршы.

Оқи отырыңыз: Алматының Бас жоспары қаланы желдетуді жақсартуды көздейтін іс-шараларды қамтыды

Новости партнеров