Алматыда «Қорқынышты орман» атты халықаралық интерактивті фреска ашылды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Көрме 20 қарашаға дейін жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Almaty Creative Hub орталығында әртүрлі елдің суретшілері, музыканттары мен цифрлық шығармашылық өкілдерін біріктірген «Қорқынышты орман» атты халықаралық арт-жоба — интерактивті фреска ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
 
Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Сербия, Кипр, Франция және Қырғызстаннан келген 18 қатысушы бірігіп, дәстүрлі кескіндеме, дыбыстық дизайн және виртуалды шындықты тоғыстырған бірегей көркем кеңістік құрды. Көрермен шынайы әлем мен цифрлық ортаның шекарасы болмайтын ерекше тәжірибе жасады.

Бұл жоба көрерменнің өнер туындысымен арадағы байланысты жаңа деңгейге көтеретін, визуалды және дыбыстық образдар цифрлық технологиялармен үйлесіп, фресканы жанды, үздіксіз өзгеріп тұратын ортаға айналдырады.

Көрме 20 қарашаға дейін жалғасады. Келушілер сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін фресканы тамашалай алады. Кіру тегін.

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктер жаңартылды

Новости партнеров