Алматыда ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев дауыс берді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ол азаматтарды өз таңдауын жасауға және сайлауға белсенді қатысуға шақырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Құрылтай сайлауы күні Алматыдағы №254 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Амантай Берғалиев дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол сайлаудың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, азаматтарды өз таңдауын жасауға және сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«Бүгін өз азаматтық таңдауымды жасау үшін сайлау учаскеме арнайы келдім. Бұл – әр азамат үшін маңызды күн. Құрылтай сайлауы елдің болашағына, қоғамның дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел өміріндегі осы маңызды саяси науқаннан шет қалмауы керек. Баршаңызды сайлауға белсенді қатысып, өз дауыстарыңызды беруге шақырамын. Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын!» – деді Амантай Берғалиев.

Оқи отырыңыз: Медеу баспалдағын бағындырған әже сайлауда дауыс берді