Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXII сессиясы аясында бірқатар маңызды шешім қаралды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXII сессиясы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сессия аясында депутаттар бірқатар маңызды шешімді қарап, қолдады. Соның ішінде қаланы басқарудың жаңартылған схемасы бекітілді. Өзгерістер әкімшілік құрылымның тиімділігін арттыруға және Үкімет бекіткен базалық құрылымға сәйкестендіруге бағытталған. Атап айтқанда:
Жол-көлік саласын қайта ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Қалалық мобильділік басқармасы екі дербес органға бөлінеді. Олар:
Барлық өзгеріс Үкімет бекіткен қала әкімдігі аппаратының штат санын сақтау аясында, ішкі қайта бөлулер арқылы бюджеттен қосымша шығынсыз жүзеге асырылады.
Сонымен қатар депутаттар Қазақстан Республикасының жаңартылған Су кодексіне сәйкес әзірленген Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидаларын бекітті. Құжат тұрғындардың су айдындарына еркін қол жеткізуін, қоршаған ортаны қорғауды және санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жергілікті деңгейде алғаш рет ортақ су айдындарында азаматтардың демалыс, балық аулау және туризммен айналысу құқығын кепілдендіретін жария су сервитуты қағидаты бекітілді.
Басқа да шешімдердің қатарында депутаттар Алматы қаласында адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы ережені келісіп, сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның консультативтік-кеңесші органының құрамына өзгерістер енгізді.
Сессия соңында депутаттар Алтай Бердіқұловты Алматы қаласы бойынша Ревизиялық комиссия Төрағасы лауазымынан босату туралы шешім қабылдады. Уақытша міндетті комиссия мүшесі Данияр Төркешов атқаратын болды.
Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желілерде Абайдың мерейтойына орай челлендж бастау алды